5-тапсырма: Демография, көші-қон, урбанизация саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру

Совершенствование государственной политики в сфере демографии, миграции, урбанизации

Тапсырма жетекшісі

Панзабекова Аксанат Жақытжанқызы

Күтілетін нәтижелер:

2021 – Демографиялық процестерді реттеудің басқару тәсілдері мен саяси-құқықтық негізін салыстырмалы талдау негізінде демографиялық және көші-қон саясатын жетілдіру перспективаларын анықтау.

2022 –  Демография мен көші-қон көрсеткіштерін жүйелеу және оларды Қазақстанның демографиялық дамуы мен көші-қон ағындарын реттеу жөніндегі бағдарламалардың нысаналы параметрлерімен салыстыру. Мемлекеттік бағдарламалардың демографиялық аудитін жүргізу, олардың демографиялық процестердің қарқындылығына әсерін бағалау.

2023 – Қазақстанның демографиялық саясатын іске асырудағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді айқындау, оны жетілдіру мақсатында ұсынымдар әзірлеу. Демографиялық ахуалды модельдеу және болжау әдістері мен алгоритмдерін жетілдіру және сын-қатерлер мен проблемаларға мемлекеттік реттеу және уақтылы ден қою іс-шараларын әзірлеу. Оң болжамның әлеуетін теріс және неғұрлым толық пайдалануды іске асыру салдарларының алдын алу үшін тиімді іс-шаралар әзірлеу.