2-тапсырма: Қазақстандағы көші-қон процестерінің динамикасын, факторларын, тенденцияларын, құрылымын талдау

Тапсырма жетекшісі

Тілеубердинова Айжан Тоқтарқызы

Күтілетін нәтижелер:

2021 – Көші-қонның әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ментальді және құқықтық факторларын анықтау. Қазақстан Республикасындағы ішкі және сыртқы көші-қон процестерінің үрдістерін талдау үшін қазіргі заманғы әдістемелерді бейімдеу.

2022 – Талдаудың модификацияланған әдістерін қолдану негізінде халықтың ішкі және сыртқы механикалық қозғалысының динамикасын, тенденциялары мен ерекшеліктерін анықтау. Еңбек көші-қонының (заңды және заңсыз) үрдістері мен себептерін анықтау. Қазақстан Республикасындағы ішкі және сыртқы көші-қонның ерекшеліктері мен қарқындылығын анықтау.

2023 – Көші-қонның сапалық сипаттамаларын анықтау. Әлеуметтік-экономикалық даму үшін сыртқы көші-қонның тәуекелдері мен салдарларын анықтау. Қазақстанның көші-қон саясатының тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтау. Оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.