Бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасының Ғылым Министрлігі 2021 жылғы 12 наурызда 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша Конкурс жариялады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған.

 Конкурстың мақсаты – ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру арқылы стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу.

ҚР БҒМ ҒК Экономика институты №29 техникалық тапсырма бойынша (Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша конкурсқа қатысты.

Ұлттық ғылыми кеңестің 2021 жылғы 15-16 шілдедегі шешімімен BR10965247 «Қазақстандағы демографиялық үрдістердің, көші-қонның, урбандалудың факторларын, ерекшеліктері мен серпінін зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу» бағдарламасы 45,48 жалпы балмен қаржыландыруға мақұлданды (ЖҒТК-нің 2021 жылғы 10 тамыздағы №10 шешімі).

Бағдарлама жетекшісі – э.ғ. д. Әлжанова Фарида Ғазизқызы.

Бағдарламаны іске асыру кезеңі – 2021 жылғы тамыз – 2023 жылғы желтоқсан.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуалды кешенді зерттеу, оның одан әрі дамуын болжау, халықты қорғаудың ұзақ мерзімді саясатын табысты іске асыру мақсатында ұсынымдар әзірлеу.

Зерттеу міндеттері

– Барлық демографиялық құбылыстарды ескере отырып, халықтың демографиялық құрылымын және оның өзгеруін зерттеу, елдегі және аймақтардағы демографиялық үрдістердің ауқымы мен қарқындылығын анықтау.

– Әр түрлі факторлардың әсерінен демографиялық жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу (саяси-құқықтық; саяси-экономикалық; әлеуметтік-мәдени; табиғи-экологиялық факторлар; тарихи-географиялық факторлар; урбанизация, COVID 19 пандемиясы).

– Қазақстанда және өңірлер бойынша демографиялық үрдістердің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын жасау.

– Ішкі және сыртқы көші-қон ағындарының құрылымын, динамикасын, сапасын, көші-қонның ауқымын, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени тәуекелдерін, Қазақстандағы көші-қон үрдістеріне COVID 19 пандемиясының әсерін зерттеу.

– Қазақстанда урбандалу факторларын, қарқындылығын, сапасын және қалалар жүйесінің дамуын зерттеу, урбандалудың негізгі сын-тегеуріндері мен тәуекелдерін, Қазақстан қалаларының демографиялық және көші-қон бейінін, COVID-19 пандемиясының қалалардың дамуына және урбандалу серпініне әсерін талдау.

– Мемлекеттік бағдарламалардың демографиялық аудитін жүргізу, олардың демографиялық үрдістердің қарқындылығына әсерін бағалау, Қазақстанның демографиялық саясатын іске асыру тәуекелдері мен мүмкіндіктерін айқындау.

– Қазақстандағы және шетелдегі демографиялық және көші-қон үрдістерін реттеудің саяси-құқықтық негіздерін зерттеу, оң сценарийдің теріс және неғұрлым толық пайдаланылуын болдырмау үшін тиімді іс-шаралар әзірлеу.

Техникалық тапсырмаға сәйкес тікелей нәтижелер:

1. Әлемдік ғылымдағы демографиялық үрдістерді зерделеу деңгейі туралы жаңа тұжырымдамалық білім және Қазақстан Республикасының демографиялық даму үрдістерін зерттеу үшін қазіргі заманғы әдістемелерді имплементациялау

2. Демографиялық көрсеткіштерді жүйелеу және оларды Қазақстанның демографиялық дамуы жөніндегі бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштерімен салыстыру

3.Қазақстанның жалпы және аумақтық бөліністегі демографиялық даму картасы

4. Мемлекеттік реттеу іс-шараларын әзірлеу және сын-қатерлер мен мәселелерге уақтылы ден қою үшін демографиялық ахуалды модельдеу және болжау әдістері мен алгоритмдерін жетілдіру